04.06.2013, 12:10 3100

Қазақмыс тобының Степной кен ошағында машинист қаза тапты

3 маусым күні Степной кен ошағында кенді тасымалдау кезінде ТОРО жерасты көлігі кен құдығына құлаған.

Астана. 4-маусым. Kazakhstan Today - Қазақмыс тобының Степной кен ошағында машинист қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

3 маусым күні Степной кен ошағында кенді тасымалдау кезінде ТОРО жерасты көлігі кен құдығына құлаған.

Оны жүргізген машинист жарақаттанып, оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы Қазақмыс тобының баспасөз хабарламасында көрсетілген.

Оқыс оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылды

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны