03.09.2009, 18:28 3216

Қазақстан азаматы Ыстықкөлде демалып жүріп қаза тапты

Қазақстан азаматы Ыстықкөлде демалып жүріп қаза тапты

Бішкек. 3 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан азаматы Ыстықкөлде демалып жүріп қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қырғызстанның Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 35 жастағы Алматы тұрғыны "Асыл-Таш" пансионаты маңында бұта-жыңғылдар өскен құм төбелерде квадроциклмен жүріп, бір ойқы-шойқы жерде тізгінге ие бола алмай, квадроцикл аударылып қалған. Жарақат салдарынан жігіт оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды ІІМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны