14.06.2016, 21:24 10091

"Қазақстан" қонақ үйініӊ балконы куәгерлердіӊ көзінше опырылып қалды

Алматыдағы "Қазақстан" қонақ үйініӊ балконыныӊ бір бөлігі куәгерлердіӊ көзінше опырылып қалды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге келіп түскен жоқ

Алматы. 14 маусым. Kazakhstan Today - Алматыдағы "Қазақстан" қонақ үйініӊ балконыныӊ бір бөлігі куәгерлердіӊ көзінше опырылып қалды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге келіп түскен жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оқыс оқиға туралы интернет пайдаланушысы Анна Шабалдина хабарлаған. Оқиға куәгерініӊ айтуынша, сырттан естілген қатты гүрсіл мейманхана ішіндегі адамдардыӊ зәресін алған, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Қазақстан" қонақ үйінде конференцияда отырғанбыз, бір кезде терезе жақтан қатты гүрсіл естілді. Қарасақ, балкон құлаған", - деп жазды Шабалдина.

Бір қызығы болған жәйтті мейманхана жұмысшылары куәгерлерден естіп білген.

Қазір ғимаратты жедел әрекет ету қызметтері қоршауға алды.

Өткен ғасырдыӊ 70-ші жылдары бой көтерген "Қазақстан" қонақ үйі - Алматыныӊ бірегей тарихи ескерткіші, қаланыӊ ажырамас бөлігі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны