28.06.2010, 13:42 2907

Қазақстан өңірлерінде демалыс күндері тоғыз адам суға батып кетті

Атап айтқанда, баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Ақтөбеде 27-маусым күні сағат 14.10 Елек өзеніне 44 жасар ер адам батып кеткен.

Астана. 28-маусым. Kazakhstan Today Қазақстан өңірлерінде демалыс күндері тоғыз адам суға батып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ҚР ТЖМ баспасөз қыметіне сілтеме жасай отырып.

Атап айтқанда, баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Ақтөбеде 27-маусым күні сағат 14.10 Елек өзеніне 44 жасар ер адам батып кеткен; Ақтөбе облысының Степановка аулында сағат 18.30 44 жасар ер адам көлге батып кеткен; ШҚО Зайсан қаласында Жеменей өзеніне сағат 20.00 сегіз жасар бала батып кеткен; БҚО Достық аулында Шаған өзеніне сағат 23.35 46 жасар ер адам батып кеткен; БҚО Зеленое аулында тағы да Шаған өзеніне сағат 21.00 23 жасар жігіт батып кеткен; БҚО Жайық аулында сағат 23.56 су тоғанына 62 жасар ер адам батып кеткен; БҚО Еңбек аулында сағат 10.50 Жайық өзеніне 28 жасар жігіт батып кеткен; Қарағанды облысының Жезді аулында Бала-Жезді өзеніне сағат 14.15 41 жасар ер адам батып кеткен; маусымның 26-сы күні СҚО Мамлютск ауданының Старомихайловка аулынан 5 шақырым қашықта орналасқан су тоғанына 29 жасар жігіт батып кеткен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны