23.04.2010, 10:17 1205

Қазақстан өңірлерінде өткен тәулікте жол апаттарынан 4 адам қаза тауып, тағы 4 адам жарақаттанды

Қазақстан өңірлерінде өткен тәулікте жол апаттарынан 4 адам қаза тауып, тағы 4 адам жарақаттанды

Астана. 23 сәуір. Kazakhstan Today - Өткен тәулікте жол апаттарынан 4 адам қаза тауып, тағы 4 адам жарақаттанды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Түркістан қаласында "Шымкент-Самара" автожолының 189-шы шақырымында "Ауди" және "Фольксваген" көліктері соқтығысты. Соның салдарынан екінші көліктің бір жолаушысы оқиға орнында жан тапсырса, тағы екеуі, оның ішінде 3 жасар бала ауруханада көз жұмды. Төртінші жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханада жатыр.

Сондай-ақ осы күні Атырау облысы Мақат ауданы "Атырау-Құлсары" күре жолының 147-ші шақырымында "Ниссан" және "КрАЗ" көліктері соқтығысып, оның салдарынан жеңіл көліктің 54 жастағы жүргізушісі апат орнында қаза тапты.

Ал Қызылорда облысы Арал ауданы "Арал-Жақсықылыш" тас жолының 3-ші шақырымында "Опель" автокөлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, оның аударылуына жол берген. Соның салдарынан жүргізушінің өзі мен оның екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны