02.06.2008, 15:17 2964

Қазақстан Республикасында өткен аптада 207 есірткі қылмысы әшкереленді

Қазақстан Республикасында өткен аптада 207 есірткі қылмысы әшкереленді

Астана. 2 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасында өткен тәулікте 207 есірткі қылмысы анықталды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"207 есірткі қылмысы анықталып, оның 70 есірткі саудасына байланысты болды", деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

ІІМ есірткімен күрес жөніндегі комитетінің қызметкерлері және Павлодар облысының ІІД шұғыл әрекет ету отряды бір азаматшадан 4,5 келі героин тәркіледі ". Қарағандының шетінде 26 мамырда Алматы-Астана тас жолында Ресей жаққа бағыт алып, Өзбекстанның 68 азаматы отырған автобуста 4,068 келі героин салынған дорба тәркіленді", - деп атап өтті ІІМ баспасөз қызметі.

Бұл іске қатысты Өзбекстанның үш азаматы құрықталып, қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны