Система Orphus

Қазақстан шекарашылары көне тыйындарды заңсыз тасымалдамақшы болған Қырғызстан азаматын қолға түсірді

21.04.2008, 16:05 2431

Ақтөбе. 21 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан шекарашылары "Жайсан" өткізу бекетінде көне заманның тыйындарын заңсыз тасымалдамақшы болған Қырғызстан азаматын қолға түсірді. Бұл туралы агенттік тілшісіне шегара бақылау бөлімінің бастығы, 2030 әскери бөлімінің әскери коминдирінің орынбасары Дмитрий Калашников хабарлады.

"Қырғызстан азаматы "Жайсан" өткізу бекетінде "Бішкек - Мәскеу" бағытындағы №17 жолаушы поезын тексеру кезінде ұсталды",деп хабарлады Д. Калашников.

"Поездың электр механигінің спорт сөмкесіндегі жеке заттарын тексеру кезінде шекара бақылауынан жасырылып, оралып тасталған жүк табылды. Онда біздің заманымызға дейінгі 7-8 ғасырда шығарылған металл монеталар болды", - деді шекара бақылау бөлімінің бастығы.

Оның сөздері бойынша, монеталар диаметрі 0,8 ден 30 миллиметрге дейін жетеді. Олардың жалпы саны - 129 дана.

"Қолға түскен азаматтың айтуынша, бұл монеталарды оған Бішкекте берген. Ол жүкті Мәскеуге дейін апарып, оны қарсы алған адамға тапсыруы керек болатын. Бүгінгі кезде бұған қатысты тергеу амалдары "Темір жол " кеден бекетінің қызметкерлеріне тапсырылды ", - деп атап өтті Д. Калашников.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны