31.10.2007, 10:47 2996

Қазақстан шекарасында ірі көлік апаты болды, құрбан болғандар бар

Қазақстан шекарасында ірі көлік апаты болды, құрбан болғандар бар.

Павлодар. 31-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Ресейдің Алтай өңірі мен Қазақстанның шекарасында ірі көлік апаты болды, құрбан болғандар бар, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпарат және қоғамдық байланыс бөлімі бастығының орынбасары Елена Кравчуктің хабарлауынша, апат кеше Алейск - Барнаул федералдық тас жолының 99-шақырымында болған. МАЗ жеңіл көлігі мен "ГАЗель" микроавтобусы соқтығысқан. Көлік апатының салдарынан оқиға болған жерде бес адам қайтыс болды, оның біреуі - бала. Тағы бес адам жарақаттанған.

"Апат болған жерге жедел-тергеу тобы, сондай-ақ прокуратура өкілдері келіп жеткен. Нақты ахуал және апатқа кінәлі адамдар туралы нақты мәліметтер жоқ",- деп қосты ол.

"Бізге келген ақпараттарға сүйенсек, қайтыс болғандардың барлығы Алтай өңірі мен Новосибирск облысының тұрғындары. Алдын ала берілген мәліметтерге сүйенсек, олардың арасында қазақстандықтар жоқ",- деп нақтылады Е. Кравчук. Ол сондай-ақ, "мәліметтер әлі де өңделіп жатыр", деп қосты.

Қазір зардап шеккендер Топчихинск ауданының орталық ауруханасында жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны