16.05.2012, 16:07 3320

Қазақстанда 4 айдың ішінде 33 адам суға кетті

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Любовь Шапошникованың хабарлауынша, елімізде суға түсу қауіпсіздігін сақтамау салдарынан үстіміздегі жылдың 4 айы ішінде республика аумағында 363 адам апатқа ұшырады, оның 330-ы құтқарылып, 33-нің өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

Астана. 16-мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанда 4 айдың ішінде 33 адам суға кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Любовь Шапошникованың хабарлауынша, елімізде суға түсу қауіпсіздігін сақтамау салдарынан үстіміздегі жылдың 4 айы ішінде республика аумағында 363 адам апатқа ұшырады, оның 330-ы құтқарылып, 33-нің өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

Қазақстан аумағында 50 мыңнан астам су айдындары мен 700-ден астам шомылуға арналған орын бар. Cондықтан судағы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында республика аумағында 57 суда құтқару стансасы, 22 құтқару бекеті, 7 маневрлі-іздеу тобы және 13 суда құтқару қызметінің апатты-құтқару сүңгуірлер жасағы жұмыс істейді, олардың жалпы штаттық саны - 911.

Министрлік өкілінің айтуынша, осы жазда құтқару қызметкерлеріне көмекші ретінде еріктілер тобы дайындықтан өтуде. Ир құтқарушының қасына екі ерікті көмекші қойылатын болады.

Бүгінгі күні су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың ең көбі Алматы (6) , Оңтүстік Қазақстан (6), Қостанай (4), Қызылорда (5), Жамбыл облыстарының (3) су нысандарына тиесілі. Атап айтсақ, Қапшағай су қоймасында нақты 100 демалыс аймағы мен жағажай жұмыс істеуде. Олардың көбі су қауіпсіздігін сақтау ережелеріне сай келмейді. Сонымен қатар, судағы қауіпсіздіктің міндетті қағидаларын өрескел бұзу да қайғылы оқиғаға әкеліп соқтыруы мүмкін. Мысалы су айдынының тереңдігі мен түбінің тазалығын білмей тұрып, ешқашан суға секіруге және жүріп бара жатқан және тұрған катерлерге , қайықтарға жақын жүзуге болмайды. Онымен қоса, шектеу белгілерінен әрі жүзуге, шомылу кезінде бөрене, тақтайша пайдаланбаған жөн. Өйткені олар оңай айналып кетуі мүмкін.

Осындай ұсыныстарды айта келе, министрлік өкілі еліміздің тұрғындарын табиғатқа шыққанда қауіпсіздіктің барлық шараларын ұстануға шақырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны