02.04.2007, 17:17 3130

Қазақстанда екі күн ішінде есірткі тұрақты тасымалданып келген үш арна жойылды

АСТАНА. 2- сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстанда екі күн ішінде есірткі тұрақты тасымалданып келген үш арна жойылды. Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің ақпарат және қоғамдық байланыс орталығының бастығы Бағдат Қожахметов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Есірткі бизнесімен күрес жөнідегі бөлімше қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында екі тәулік ішінде Қарағандыдағы, Мерке (Жамбыл облысы) және Көкшетаудағы есірткі тұрақты тасымалданып келген үш арна жойылды. Нәтижесінде бұл қылмыстық бизнестің барлық мүшелері - жеткізушілер де, сатушылар да, тапсырыс берушілер де анықталып, құрықталды",- деді Б. Қожахметов.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің есірткі бизнесімен күрес жөніндегі комитетінің таратқан баспасөз баянында айтылғандай, 28-наурызда "Астана - есірткісіз қала" бағдарламасының аясында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің есірткі бизнесімен күрес жөніндегі комитеті мен Астана қаласының Ішкі істер департаментінің Есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері Қарағандыдан Астанаға есірткі тасымалдайтын арнаны жойды. "Теміртау қаласының бұрын сотталған тұрғыны есірткіні тапсырыс берушіге жеткізу үшін жолға шыққан. Бұл туралы жедел ақпарат алған полиция қызметкерлері есірткіні жеткізуші әйелді бақылауға алып, бұл арнаны толығымен жою үшін оның тапсырыс берушіге шығуына мүмкіндік берген",- деп айтылған баспасөз баянында. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің есірткі бизнесімен күрес жөніндегі комитетінің мәліметтеріне сүйенсек, есірткіні жеткізуші әйел ішкі киіміне тығып, полиэтилен дорбаға оралған 100 грамм героин әкелген. Қазіргі уақытта аталмыш қылмысты жасады деген күдікпен төрт күдікті құрықталды, олар - қарағандылық екі наркодилер, жеткізуші, және тапсырыс беруші - Астана тұрғыны.

"29-наурызда, күндіз, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің есірткі бизнесімен күрес жөніндегі комитетінің жедел тобы тыңшылық жолмен Жамбыл облысының Мерке қаласынан Астанағы есірткі партиясының жеткізілгендігі туралы ақпарат алған",- деп көрсетілген баспасөз баянында. "Астанада жедел қызметкерлер есірткіге тапсырыс берушіге шығып, "бақылаудағы сатып алу" іс-шарасын жүргізген, нәтижесінде ол тікелей қылмыс үстінде ұсталды, оның жасырын жерінен 5 килограммдай гашиш табылды. Сондай-ақ, Меркедегі есірткі сатушылар да құрықталды",- деп түсіндірді Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің есірткі бизнесімен күрес жөніндегі комитеттегілер.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің есірткі бизнесімен күрес жөніндегі комитетінің мәліметтеріне сүйенсек, дәл осы күні "Шекара - Қызылжар" бекетінде Қарағандыдан Көкшетауға бет алған "ГАЗель" жолаушылар жүк көлігінен Көкшетау қаласындағы бір фирманың менеджері - жабдықтаушыдан 7 грамнан астам героин табылған. Сонымен қатар, есірткі бизнесімен күрес жөніндегі комитеттің хабарлауынша, 27-наурызда астананың компьютерлік және түнгі клубтарынан үш азамат ұсталды, олардан есірткі заттары табылып, тәркіленді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны