01.09.2009, 09:37 1489

Қазақстанда кейінгі бір тәулікте шыққан табиғи өрттердің аумағы 5 мыңдай гектарды құрады

Қазақстанда кейінгі бір тәулікте шыққан табиғи өрттердің аумағы 5 мыңдай гектарды құрады

Астана. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда кейінгі бір тәулікте шыққан табиғи өрттердің аумағы 5 мыңдай гектарды құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтсақ, Алматы облысының Сарқанд ауданы Көкжиде ауылдық округінде 30 тамызда сағат 12.45-те 200 гектар аумақта қамыс өртенді. Өрт 33 адам мен 7 техниканың, бір тікұшақтың, соның ішінде Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 1 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 5 адамының күшімен сөндірілді.

Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданы Үсіктас, Одаман Бұлақ, Тас Бұлақ, Қызыл бұлақ, Сары Тау елдімекендерінде 30 тамызда сағат 16.34-те далалық өрт шықты. Жалпы өрт шарпыған аумақ 4500 гектарға жетті. Өрт 31 тамызда сағат 18.35-те сөндірілді. Өрт 61 адам мен 10 техниканың, соның ішінде Оңтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 9 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 45 адамының күшімен сөндірілді.

Сондай-ақ, ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ОҚО сол ауданында 31 тамызда сағат 14.21-де Дегерес карьерінде 100 гектар аумақта өрт шықты. Өрт сағат 17.00-де сөндірілді. Өртті сөндіруге Оңтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 1 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 4 адамы тартылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны