11.06.2010, 14:13 2889

Қазақстанда көлік апатынан сегіз адам мерт болып, үш адам ауруханаға жеткізілді

ТЖМ мәліметтеріне сүйенсек, Жезқазған қаласында ЗИЛ және "Мерседес" көліктері соқтығысқан. Көлік апатының салдарынан "Мерседес" көлігінің жүргізушісі мен бес жолаушысы оқиға орнында мерт болды.

Астана. 11-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанда өткен тәулікте көлік апатынан сегіз адам мерт болып, үш адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ мәліметтеріне сүйенсек, Жезқазған қаласында ЗИЛ және "Мерседес" көліктері соқтығысқан. Көлік апатының салдарынан "Мерседес" көлігінің жүргізушісі мен бес жолаушысы оқиға орнында мерт болды.

Сонымен қатар, Алматы-Ташкент тасжолының 484 шақырымында 9.00 "Опель" және "Ниссан" көліктері соқтығысқан. Көлік апатының салдарынан "Опель" көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астананың "Есіл" ауданында 23.43 Қорғалжың тасжолында "Ауди" көлігінің 31 жасар жүргізушісі 39 жасар жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Зардап шегуші оқиға орнында көз жұмды.

Ақтөбеде 9.00 Мәметов және Восточный көшелерінің қиылысында ВАЗ көлігінің 23 жасар жүргізушісі 20 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен, Зардап шегуші оқиға орнында көз жұмды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны