31.10.2007, 10:21 2779

Қазақстанда өрт салдарынан 6 адам қаза тапты

Қазақстанда өрт салдарынан 6 адам қаза тапты.

Астана. 31 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда өрт салдарынан 6 адам қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ТЖМ-іне сілтеме жасап.

Мекеме мәліметіне сәйкес, Қостанай облысының Боровое ауылында өртті сөндірген кезде үш адамның мәйіті табылды. Өрт аумағы 40 шаршы метрді құрайды, оны ауыздықтауға ҚР ТЖМ-нің өрт сөндіру қызметінің бес адамы жұмылдырылды.

Сонымен бірге, баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақмола облысының Атбасар қаласында 6 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндірген кезде екі адамның мәйіті табылды. Өрт ҚР ТЖМ-нің өрт сөндіру қызметінің 5 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Ал Теміртауда өрт салдарынан 51 жастағы ер адам қаза тапты. Өрт көп пәтерлі тұрғын үйде 31 қазанға қараған түні шыққан. Оны сөндіруге қызметке бір сағат қажет болды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны