03.01.2008, 10:21 1690

Қазақстанда өрттердің салдарынан 8 адам қаза тауып, біреуі ауруханаға жатқызылды

Қазақстанда өрттердің салдарынан 8 адам қаза тауып, біреуі ауруханаға жатқызылды

Астана. 3 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда өрттердің салдарынан 8 адам қаза тауып, біреуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды агенттік ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Теміртауда жай үйде 90 шаршы метр аумақта шыққан өртті сөндірген кезде 4 адамның мәйіті табылды. Өрт ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 20 адамы мен 5 техникасының күшімен сөндірілді.

Өскеменде жылу құдығында қоқыстан шыққан өртті сөндірген кезде көмірқышқыл газынан улану белгілерімен 2 адамның мәйіті табылды. Сонымен бірге 48 жастағы ер адам ауруханаға жатқызылды. Өрт ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 9 адамы мен 2 техникасының күшімен сөндірілді.

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауылында жай үйде 30 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндірген кезде бір ер адамның мәйіті табылды. Өрт ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 4 адамы мен 1 техникасының күшімен сөндірілді.

2 қаңтарда 10 сағат 45 минутта Ақмола облысының Степняк қаласында 20 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірген кезде 59 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Өрт 12 сағат 40 минутта ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 6 адамы мен 2 техникасының күшімен сөндірілді.

Семейде Техникалық жөндеу станциясында 120 шаршы метр амуақта өрт шықты. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт салдарынан "Фольксваген-Пассат" көлігі өртеніп кетті. Өрт ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 33 адамы мен 6 техникасының күшімен сөндірілді.

Сонымен қатар Таразда жұмсақ ойыншықтар сататын дүкенде өрт шықты. Өрттің ждалпы аумағы 180 шаршы метрді құрады. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 53 адамы мен 7 техникасының күшімен сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны