27.09.2010, 14:06 3344

Қазақстанда өткен демалыс күні екі орман өрті және екі дала өрті болды

Қазақстанда өткен демалыс күні екі орман өрті және екі дала өрті болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 27 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда өткен демалыс күні екі орман өрті және екі дала өрті болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ мәліметтеріне сүйенсек, 25-қыркүйек күні сағат 19.30 Солтүстік Қазақстан облысындағы Қаратомар орман шаруашылығының 2 аумағында орман өртенген.

110-шы орамда жалпы аумағы 50 гектарды құрайтын орман өртенді.

Тілсіз жау кеше 00.40 құрықталған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Сондай-ақ сенбіден жексенбіге қарағаны түні дәл осы орамда 38,2 гектар орман алқабы өрт құшағына оранды. Өрт кеше 08.20 сөндірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің жеке құрамындағы 21 маман мен 4 техника жұмылдырылған.

Сонымен қатар, 25-қыркүйек күні сағат 18.00 СҚО Ақжар ауданында дала өрті шығып, 600 гектар аумақты шарпыған. Ал Ақмола облысы Ақкөл ауданы Первомайка және Ивановка ауылдарында шыққан өрт 340 гектар аумақты жалмаған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны