27.04.2010, 13:31 3240

Қазақстанда өткен тәулікте әкімшілік ғимараттарында екі өрт шықты - ТЖМ

Қазақстанда өткен тәулікте әкімшілік ғимараттарында екі өрт шықты - ТЖМ

Астана. 27 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2010 жылдың 26 сәуірінде әкімшілік ғимараттарда екі өрт шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, 26 сәуірде сағат 19.18-де Астанада "Қазақстан Темір Жолы" ҰК пайдалану жөніндегі дирекциясының екі қабатты ғимаратының шатыры өртенді. Өрт аумағы 600 шаршы метрді құрады. Өрт Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің күшімен 22 сағат 37 минутта сөндірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Сондай-ақ, 26 сәуірде сағат 16.08-де Оңтүстік Қазақстан облысының Шаян кентінде аудандық статистика бөлімі ғимаратының шатыры өртенді. Өрт аумағы 84 шаршы метрді құрады.

" Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт Оңтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 2 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 7 адамының күшімен 22 сағат 31 минутта сөндірілді", -делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны