12.05.2010, 09:47 1489

Қазақстанда өткен тәулікте бірнеше бала суға кетті - ТЖМ

Қазақстанда өткен тәулікте бірнеше бала суға кетті - ТЖМ

Астана. 12 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанда өткен тәулікте жеті адам, соның ішінде бес бала суға батып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 11 мамырда сағат 10.30-да Батыс Қазақстан облысының Жаңғала ауданы Мәштексай кентінде Қараөзен өзеніне 2000 және 1997 жылы туған екі бала батып кетті. Суға кеткен балаларды судан құтқару қызметтері іздестіріп жатыр.

Сондай-ақ, кеше сағат 12.30-да Қызылордада Сырдарияға 13 жастағы жасөспірім батып кетті. "Оның мәйітін судан құтқару қызметтері судан шығарып алды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, 11 мамыр күні кешке Алматының Жетісу ауданында 11 және 12 жасар екі бала құрылыстың қазаншұңқырына батып кетті. "Олардың мәйіттерін судан құтқару қызметтері судан шығарып алды", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны