21.04.2010, 10:05 1408

Қазақстанда өткен тәулікте екі жер сілкінісі болды

Қазақстанда өткен тәулікте екі жер сілкінісі болды

Астана. 21 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда өткен тәулікте екі жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР Білім және ғылым министрлігінің Сейсмология институтының мәліметінше, 2010 жылдың 21 сәуірінде сағат 03.10-да Қазақстан Республикасы аумағында энергетикалық классы К=9,5 құраған жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 112 шақырымда Іле Алатауы жотасында тіркелген. Жер асты дүмпулері Құрам кентінде MSK-64 шкаласы бойынша 2 балл күшпен сезілді. Құрбан болғандар мен қираулар туралы ақпарат жоқ", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, кеше, 20 сәуірде сағат 16.19-да Алматы тұрғындары жер асты дүмпулерін сезінді.

ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, дүмпу күші МSK-64 шкаласы бойынша 2-3 балл болған. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 117 шақырымда тіркелді.

ТЖМ мәліметінше, жер сілкінісі салдарынан құрбан болғандар мен қираулар туралы ақпарат жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны