18.12.2008, 09:53 1576

Қазақстанда өткен тәулікте екі жол апатынан төрт адам қаза тауып, үшеуі зардап шекті

Қазақстанда өткен тәулікте екі жол апатынан төрт адам қаза тауып, үшеуі зардап шекті

Астана. 18 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда өткен тәулікте екі жол апатынан төрт адам қаза тауып, үшеуі зардап шекті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 17 желтоқсанда сағат 16.50-де Қарағанды облысының Бұхар Жырау ауданында Қарағанды -Қарқаралы тас жолының 83-ші шақырымында "Мазда" және "Ауди" көліктері соқтығысты.

Апат салдарынан екі жүргізуші мен бір жолаушы әйел қаза тауып, тағы бір әйел ауруханаға жатқызылды.

Сонымен бірге, Жамбыл облысында 17 желтоқсанда сағат 19.30-да Алматы - Ташкент тас жолының 313-ші шақырымында "Тойота" және "Ауди" көліктерінің соқтығысуынан бір ер адам қаза тауып, екі адам ауруханаға жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны