01.06.2009, 09:25 1076

Қазақстанда өткен тәулікте өзендерге бес адам батып кетті

Қазақстанда өткен тәулікте өзендерге бес адам батып кетті

Астана. 1 маусым. "Қазақстан Бүгін"- Қазақстанда өткен тәулікте өзендерге бес адам батып кетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, Атырауда Жеңіс саябағының маңында 31 мамырда сағат 19.00-де Оралға балық аулап жүріп 27 жастағы жігіт батып кетті. Оның мәйітін жергілікті тұрғындар шығарып алды.

Батыс Қазақстан облысының Зеленовский ауданы Калинино кентінде Деркул өзеніне сағат 16.00-де 14 жасар бала батып кетті. Оның мәйітін судан құтқару қызметтері судан шығарып алды.

Сондай-ақ, Қарағанды облысының Ұлытау ауданында "Төрехан" шаруа қожалығында Сары-Бұлақ өзеніне сағат 11.00-де сегіз жасар бала батып кетті. Оның мәйітін судан құтқару қызметтері шығарды.

Сол күні Қызылорда облысы Сырдария ауданының Бесарық кентінде Сырдарияға сағат 13.10-да суда жүзіп жүріп 12 жасар қыз батып кетті. Оның мәйітін судан құтқару қызметтері іздестіріп жатыр.

Сондай-ақ, баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қызылордада Сырдарияға сағат 18.14-те 16 жасар қыз батып кетті. Оның мәйітін судан құтқару қызметтері іздестіріп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны