12.07.2010, 14:39 3203

Қазақстанда өткен тәулікте төрт адам суға батып кетті

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, сағат 11.00 Алматы облысының Қапшағай су қоймасында "Тау самалы" демалыс аймағында шуға шомылып жүрген 21 жасар қыз суға батып кеткен.

Астана. 12-шілде. Kazakhstan Today Қазақстанда өткен тәулікте төрт адам суға батып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, сағат 11.00 Алматы облысының Қапшағай су қоймасында "Тау самалы" демалыс аймағында шуға шомылып жүрген 21 жасар қыз суға батып кеткен.

Атырау қаласында Жайық өзеніне шомылып жүрген 24 жасар жігіт сағат 10.35 батып кетті.

Сонымен қатар, сағат 13.33 Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында 31 жасар әйел Балқаш қөліне батып кеткен.

Сағат 18.00 СҚО Петропавловда Пестрое көліне шомылып жүрген 43 жасар ер адам суға батып кетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны