24.05.2011, 12:04 3489

Қазақстанда өткен тәулікте төрт бала суға батып кетті

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Семейде 2 қыз бала суға батып кеткен.

Астана. 24 - мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанда өткен тәулікте төрт бала суға батып кеткен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Семейде 2 қыз бала суға батып кеткен.

Дүйсенбі күні кешкісін қала маңындағы Водный ауылында карьердің орнында пайда болған көлге шомылып жүрген 7 және 8 жасар қыздар суға батып кетті. Суға кеткен қыздардың денесін Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті суда құтқару қызметінің мамандары алып шықты.

Сонымен қатар, Астанада 23-мамыр күні сағат 20-00 Сарыарқа ауданы аумағында, Гребаново өзенінде резеңке қайық аударылып, бір ер адам мен 5 жасар бала суға кетті.

Олардың денесін іздеу бүгін басталады. Оған ҚР ТЖМ Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті суда құтқару қызметінің мамандары жұмылдырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны