16.06.2009, 10:43 1276

Қазақстанда өткен тәулікте үш жол апатынан бес адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті

Қазақстанда өткен тәулікте үш жол апатынан бес адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті

Астана. 16 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында өткен тәулікте үш жол апатынан бес адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Жамбыл облысының Мерке ауылында Қырғыз Республикасына батыс жақтан кіре берістің 3-ші шақырымында 15 маусымда сағат 06.00-де ВАЗ және "Ауди" көліктері соқтығысты.

Жол апатының салдарынан 22 жастағы ВАЗ жүргізушісі мен 22 жастағы "Ауди" жолаушысы оқиға орнында жан тапсырып, "Ауди" жүргізушісі имен оның екінші жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

Сондай-ақ, Қызылорда облысының Шиелі ауданында Самара - Шымкент тас жолының 1941-ші шақырымында 15 маусымда сағат 07.30-да "Мерседес" көлігінің аударылуы салдарынан 23 жастағы көлік жүргізушісі жарақаттан оқыс оқиға орнында жан тапсырды. Ал оның екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Тағы бір жол апаты Оңтүстік Қазақстан облысының Қапланбек ауылында болды. Жібек жолы - Шымкент тас жолында 15 маусымда сағат 16.00-де "КамАЗ" және "Ауди" көліктері соқтығысты.

Соның салдарынан 38 жастағы "Ауди" жүргзушісі мен оның жолаушысы - 22 жастағы қыз апат орнында қаза тапты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны