06.01.2009, 09:49 1524

Қазақстанда өткен тәуліктерде үш өрттің салдарынан үш адам қаза тауып, 10 адам ауруханаға жатқызылды

Қазақстанда өткен тәуліктерде үш өрттің салдарынан үш адам қаза тауып, 10 адам ауруханаға жатқызылды

Астана. 6 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда өткен тәуліктерде үш өрттің салдарынан үш адам қаза тауып, 10 адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, 6 қаңтарда Астананың Кенесары көшесінде "Эдем палас" тұрғын үй кешенінің көппәтерлі үйінде сағат 02.20-да бесінші кіреберістің 4- пен 19 қабаттары аралығында кабель шахтасында 90 шаршы метр аумақта электр кабелі тұтанды. 50 адам сыртқа шығарылды.

Өрт салдарынан 9 адам, соның ішінде екі жасар екі, бір жасар екі және 13 жасар бала мен ересек адамдар көмірқышқыл газынан уланып, ауруханаға жатқызылды.

Өрт Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 10 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 45 адамының көмегімен 05 сағат 06 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны