02.02.2009, 18:18 2913

Қазақстанда өткен жылы темір жол транспортының дөңгелегінің астына түсіп 102 адам мерт болды

Қазақстанда өткен жылы темір жол транспортының дөңгелегінің астына түсіп 102 адам мерт болды

Астана. 2 ақпан. "Қазақстан Бүгін"- Қазақстанда өткен жылы темір жол транспортының дөңгелегінің астына түсіп 102 адам мерт болды. Бұл туралы Қазақстан Бүгін тілшісіне "Локомотив" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

"2008 жылы өндірістік емес жарақаттануға қатысты 140 оқиға тіркелді, яғни, адамдар пойыздың астына түсіп кетті. 102 оқиға кісі өлімімен аяқталса, 38 жағдайда түрлі деңгейде жарақат алды. Бұл көрсеткіш бойынша мынадай станциялар алда келеді: Қапшагай - Алматы, Алматы - Шамалған, Алматы-2 - Алматы-1 өткелі, Қарағанды-Сортировочная - Майқұдық, Арыс - Түлкібас, Арыс - Шннгелді (ОҚО)", -деді баспасөз хатшысы Любовь Подоляк.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны