04.09.2006, 09:35 2659

Қазақстанда үш жол апатынан төрт адам қаза тапты, тағы алтауы жараланды

АСТАНА. 4-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қазақстанда үш жол апатынан төрт адам қаза тапты, тағы алтауы жараланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мәселен, Алматы облысының Капшағай қаласында "БМВ" автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды, соның салдарынан 48 жастағы жолаушы оқиға орнында жан тапсырып, тағы төрт жолаушы, соның ішінде 10 жасар бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Осындай апат Қарағанды облысында да болды. Қызылорда-Павлодар тас жолының 928-шақырымында "Мазда" автокөлігінің аударылып кетуі салдарынан жүргізуші мен жолаушы мерт болды.

Тағы бір жол апаты Қарағанды облысының Сарань қаласында болды. "КамАЗ" жүк көлігі "Форд" автокөлігімен соғысып қалды. Апат салдарынан "Форд" автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында опат болса, екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны