19.12.2008, 17:58 3538

Қазақстанда желтоқсан айының аяғында ауаның температурасы 25 градусқа дейін төмендейді - ТЖМ

Қазақстанда желтоқсан айының аяғында ауаның температурасы 25 градусқа дейін төмендейді - ТЖМ

Астана. 19 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда желтоқсан айының аяғында ауаның температурасы Цельсий өлшемі бойынша 25 градусқа дейін төмендейді. Бұл туралы бүгін өткен брифингте ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің сарапшысы Любовь Шапошникова мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазақстанда желтоқсан айының үшінші онкүндігінде ауаның температурасы Цельсий өлшемі бойынша минус 25 градусқа дейін төмендейді ", - деді Л. Шапошникова.

"2009 жылдың қаңтар айының бірінші онкүндігінде ауаның температурасы түнде Цельсий өлшемі бойынша 21 - 26 градусқа, күндіз 11 - 16, кей жерлерде 21 градус аязға дейін төмендейді".

Күн райын болжаушылардың мәліметінше, Атырау, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Алматы облыстарында айдың орташа ауа температурасы 0 - 9 градус аязды, Шығыс Қазақстан облысында - 18 градус аязды, республиканың басқа аумақтарында - 10 - 16 градус аязды көрсетеді.

Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында бір айдағы ылгал көлемі норманың төңірегінде, ал республиканың өзге аумақтарында - нормадан жоғары болмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны