30.11.2009, 09:47 2888

Қазақстанда жер сілкінісі болды

Қазақстанда жер сілкінісі болды

Астана. 30 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанда жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Сейсмология институтының мәліметінше, "29 қарашада сағат 14.01-де Қазақстан Республикасы аумағында Күнгей Алатау жотасының солтүстік баурайының маңында энергетикалық классы К=9,0 құраған жер сілкінісі болды".

ТЖМ Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шығысқа, оңтүстік-шығысқа қарай 110 шақырымда болды. Жер асты дүмпулері 3 балл қуатпен Күрменті ауылында және 2 - 3 балл қуатыпен Сәтті ауылында сезілді".

"Құрбан болғандар мен қираулар туралы мәлімет жоқ", деп нақтылайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны