20.04.2007, 17:23 3134

Қазақстанда жыл басынан бері "Хизб-ут-Тахрир" діни экстремистік партиясының 9 жақтасы ұсталған

АСТАНА. 20 - сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстанда үстіміздегі жылдың басынан бері "Хизб-ут-Тахрир" діни экстремистік партиясының 9 жақтасы ұсталған. Бұл туралы бүгін "Халықаралық терроризм - мемлекет қауіпсіздігіне төнген қауіп" атты халықаралық ғылыми-практикалық бас қосуда Қазақстан Республикасы ішкі істерінің бірінші вице-министрі Қалмұхамбет Қасымов мәлім етті.

"Осы деректер бойынша 5 қылмыстық іс қозғалды",- деп қосты ол.

Қ. Қасымов, 2006 жылы аталмыш партияның республикадағы жақтастарына қатысты 69 қылмыстық іс қозғалғандығын, сонымен қатар экстремизм идеясын насихаттайтын 25 мыңнан астам үндеу қағаздар, 60-тан астам дыбыс- және бейнетаспалар мен дисклер тәркіленгендігін еске сала кетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны