27.04.2007, 11:11 3312

Қазақстанда жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 адам қайтыс болды, соның ішінде біреуі бала

АСТАНА. 27 - сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстанда жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 адам қайтыс болды, соның ішінде біреуі бала; тағы екі адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабаралды.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Алматы облысының Іле ауданында Алматы - Өскемен тасжолының 60-шы шақырымында "Фольксфаген" көлігінің 37 жасар жүргізушісі 43 жасар еркек пен бір жасар баланы соққан. Олар алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында қайтыс болды.

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында Омбы - Майқапшағай тасжолының 1242-ші шақырымында 26-сәуірде 11 сағат 45 минутта 59 жасар жүргізушісі басқарып келе жатқан "ВАЗ-2115" жеңіл көлігінің аударылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 59 жасар жолаушы оқиға болған жерде қаза тауып, жүргізуші мен 26 жасар жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны