23.07.2007, 13:21 2348

Қазақстандық екі баланы ұрлады деген айыппен Қырғызстан азаматы ұсталды

АСТАНА. 23 шілде. Kazakhstan Today. Қазақстандық екі баланы ұрлады деген айыппен Қырғызстан азаматы ұсталды. Бұл туралы Астана қалалық ІІД-нің төрағасы, полиция генерал-майоры Серімжан Досымов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"22 шілдеде Бішкекте Қазақстан мен Қырғызстанның ІІМ мен Астана қалалық ІІД қызметкерлерінен құралған арнаулы топ жүзеге асырған шұғыл іздестіру шарасының барысында 1987-жылы туған Қырғызстан азаматы ұсталды. Ол кәмелеттік жасқа жетпеген екі қазақстандық баланы ұрлады деп айыпталуда",- деді С.Досымов. "Ұстау сәтінде балалар жай үйден табылды", - деді ол.

С.Досымов алты жасар екі баланың жоғалғаны туралы өтініштің Астана қалалық ІІД-нің тергеу басқармасына ағымдағы жылдың 17 шілдесінде түскенін еске салды.

"Алдын-ала жауапқа сәйкес, ол балаларды алдау арқылы бағытты автобуспен Қазақстан аумағынан алып шығып, оларды туысқанының үйінде астыртын ұстаған", - деді С.Досымов.

ІІД-нің ақпаратына сәйкес, алдын-ала тергеу шаралары барысында ұсталғанның өзін Бауыржан деп таныстырып, балалардың ата-анасынан 180 мың АҚШ доллары көлемінде ақша бопсалағаны мәлім болды. Тергеу барысында анықталғанындай, айыпталушы бірнеше ай Астанадағы құрылыс компанияларында істеген.

"Қазір Вена конвенциясына сәйкес, күдіктіні Қазақстанға экстрадициялауға құжаттар дайындалуда", - деп хабарлайды ІІД төрағасы.

"Балалар кепілдіктен босатылды. Қазір олар үйлерінде, сезім-жүйке және денсаулық ахуалы орташа", - деді С.Досымов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны