26.02.2007, 17:21 2692

Қазақстандық полицейлер бір апта ішінде 54 кг-нан астам есірткі тәркілеген

АСТАНА. 26-ақпан. Kazakhstan Today. Қазақстандық полицейлер бір апта ішінде заңсыз айналымнан 54 кг-нан астам есірткі, оның ішінде 900 грамм героин тәркілеген. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Атап айтқанда, Ақтау қаласының есірткі бизнесімен күрес бөлімінің қызметкерлері Түркіменстан азаматын құрықтаған. Ұсталған азамат тұрған саяжайды тінту барысында 238 граммнан астам героин тәркіленді. Сонымен қатар, Алматыда 219 грамм героин сатпақ болған Ресей азаматы ұсталды.

"Астана - есірткізі қала" бағдарламасының аясында бір апта ішінде есірткіге байланысты 6 қылмыс әшкереленді, оның 3-і есірткі сату және 1-і есірткі тұтынатын орын ұстау дерегі. Жалпы республика бойынша 19 мен 25-ші ақпан аралығында 317 есірткі қылмыстары әшкерленген, олардың 121 есірткі сату дерегі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны