30.01.2007, 16:03 2980

Қазақстандық шекарашылар Алматы - Жаңасібір бағытындағы поездан 2,4 кг героин тәркіледі

АЛМАТЫ. 30-қаңтар. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстанның шекарашылары Алматы - Жаңасібір бағытындағы поездан 2,4 кг героин тәркіледі, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінен.

"Теміржол ауылы" шекара бақылау бөлімшесінде шекара бақылауын жүргізу барысында шекарашылар Алматы - Жаңасібір бағытындағы №302 поездің вагонынан жапсырғышпен оралған екі дорба тапқан",- деп хабарлады Шекара қызметінен. Белгілі болғандай, дорбаларда жалпы салмағы 2 кг 400 г құрайтын героин болған.

Аталмыш дерек бойынша Қазақстанның үш азаматы мен вагонның жолсеріктері - Қырғызстан және өзбекстан азаматтары ұсталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны