01.11.2006, 13:54 2493

Қазақстандық шекарашылар Бішкек-Новокузнецк бағытындағы отарбаның екі әйел жолаушысынан 3,2 килограмм героин тәркіледі

АЛМАТЫ. 1-қараша. Kazakhstan Today. Қазақстандық шекарашылар бүгін таңертең Бішкек-Новокузнецк бағытындағы отарбаның екі әйел жолаушысынан 3,2 килограмм героин тәркіледі. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз орталығынан хабарлады.

"№14 поездың вагондарындағы жүктерді тексерген кезде Тараз шекара отрядының жасағы түрлі купелерде келе жатқан екі әйелден героин тауып тәркіледі". Ийелдер есірткіні қос түбі бар сөмкеге жасырыпты. Героиннің жалпы салмағы 3 килограмм 248 грамм.

Қырғызстан азаматшалары болып табылатын екі әйел есірткі контрабандасы үшін ұсталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны