01.10.2007, 17:22 2792

Қазақстандық шекарашылар есірткінің ірі көлемінің, соның ішінде 10 кг жуық героин контрабандасының жолын кесті

Қазақстандық шекарашылар есірткінің ірі көлемінің, соның ішінде 10 кг жуық героин контрабандасының жолын кесті

Астана. 1 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандық шекарашылар есірткінің ірі көлемін, соның ішінде 10 кг жуық героин контрабандасының жолын кесті. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, "Сарыағаш" өткізу пунктінің шекарашылары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, Қазақстан аумағында мемлекеттік шекараға таяу тұстағы Келес өзені арқылы өткел маңында Қазақстан азаматы басқарған "Ауди-100" көлігін ұстаған. "Көлікте сондай-ақ құжаттары жоқ кәмелеттік жасқа толмаған екі жасөспірім мен Тәжікстанның екі азаматы болған",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Шекарашылар, тексеру барысында екі баланың сөмкелерінен героин салынған он дорба табылғандығын атап өтті. "Контрабандылық есірткінің жалпы салмағы 10 кг құрап отыр",- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, "Сарыағаш теміржолы" өткізу пунктінің шекарашылары Ташкент - Мәскеу бағытындағы № 5 поезді тексеру барысында дәретханадағы қол жуғыштың астынан 1 кг жуық гашиша табылған.

Сонымен қатар, баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Жамбыл облысында "Жауғаш-батыр" шекара күзетінің аумағынан 1,5 марихуана тығылған жасырын жер табылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны