19.10.2006, 12:26 3121

Қазақстандық шекарашылар Тәжікстан азаматынан 1,6 килограмм героин тәркіледі

АЛМАТЫ. 19-қазан. Kazakhstan Today. Өскемен шекарашылар жасағының шекарашылары Тәжікстан азаматынан Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасынан алып өтпек болған 1,6 килограмм героинді тәркіледі. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз орталығынан хабарлады.

Есірткі тасушы Алматыдан Новосибирск қаласына бет алған № 326 жолаушылар поезын "Ауыл-темір жол" өткелегінде тексеру кезінде ұсталды. "Шекарашылар жасағы жолаушының іс-әрекетінен күдіктеніп, оның заттарына тексеру жүргізуге шешім қабылдайды",- дейді баспасөз қызметіндегілер. Тексеру кезінде ер адамнан жалпы салмағы 650 грамм ұнтақ салынған 2 дорба табылды. Сараптама оның жоғары сапалы героин екенін көрсетті. Сонымен бірге оның сөмкесінен құпия қалтаға жасырылған тағы 1 килограмнан астам героин шықты.

"Қазір ол ҰҚК-нің тергеушілеріне жауап беруде",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны