04.10.2011, 11:50 3438

Қазақстандық студент қызды өлтірген күдікті Австралияда ұсталды

ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматшасы Сағынай Батырханованың Австралияда өлтірілгеніне байланысты тергеу амалдарын жіті бақылауда.

Астана. 4-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстандық студент қызды өлтірген күдікті Австралияда ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматшасы Сағынай Батырханованың Австралияда өлтірілгеніне байланысты тергеу амалдарын жіті бақылауда. Бұл жөнінде министрліктің баспасөз қызметі хабарлайды.

Таратылған хабарламада көрсетілгендей, ҚР СІМ 1 қазанда австралиялық Брисбен қаласында қайтыс болған С. Батырханованың отбасына көңіл айтады.

Хабарланғандай, Қазақстан азаматшасы 1989 жылғы Сағынай Батырханова Гриффит университетінің бірінші курс студенті болған.

Полиция қызметкерлері күдіктіні тез арада ұстап, қазір ол кінәсін мойындады.

2011 жылы 3 қазанда күдіктіге қатысты бірінші сот отырысы өтеді. Сот күдіктіні, Тайлантдан шыққан азаматты, 2011 жылдың 5 желтоқсанына дейін қамауда ұстауға үкім шығарды.

С. Батырханова мен күдіктінің ортақ 3 айлық ұл баласы қалды. Қазір ол Австралия әлеуметтік қызметтерінің қамқорлығында.

3 қазанда ҚР консулы бірқатар, нақтырақ айтқанда С. Батырханованың мәйітін отанына оралту және оның азаматтық некеде туған баласының құқықтық мәртебесін анықтау мәселелерін шешу үшін Австралияға келіп жетті.

ҚР Сыртқы істер министрлігі С. Батырханованың анасының өтінішіне сәйкес қызының мәйітін Қазақстанға жеткізуге көмектесетіндігін айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны