21.02.2007, 11:25 2861

Қазақстанның аймақтарында күн райының күрт бұзылуына байланысты жолдар жабылды

АСТАНА. 21-ақпан. Kazakhstan Today. Қазақстанның аймақтарында күн райының күрт бұзылуына және жолдарды қар басып қалуына байланысты жолдар жабылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, "Астанада Қарағандыға қарай шығатын жол жабылып, Рождественка мен Қорғалжыңға апаратын жолдардағы қозғалыс шектелді". Елордасын қардан тазартуға "Горкоммунхоз" АҚ-ның 252 техникасы, соның ішінде 41 қар тазартқыш, 8 топырақ тазартқыш пен 132 "КамАЗ" жұмылдырылған. "Қала аумағында қарға байланысты көлік жиналды деген мәлімет жоқ", - деп хабарлайды ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметі.

Ақмола облысында Астана - Аршалы, Астана - Қорғалжың, Астана - Қарағанды, Державинск - Есіл - Жақсы - Атбасар бағыттарында қозғалыс тоқтатылды. Ерейментау ауданы Павловск елдімекенінен 10 шақырым жерде түзілген қар құрсаудан бес "КамАЗ" жүргізушісі эвакуацияланды. Төтенше жағдайды жоюға "Қазавтодор" РМК қызметтері жұмылдырылды.

Ақтөбе облысында Ақтөбе - Хромтау, Ақтөбе - Қандыағаш, Ақтөбе - Орск, Ақтөбе - Хобда, Ақтөбе - Мартук бағытында қозғалыс тоқтатылды.

Ал Шығыс Қазақстан облысында Өскемен - Барнаул тас жолының Шемонаиха - Михайловка учаскесі, Омбы- Майқапшағай тас жолының Бородулиха - Красный Аул учаскесі, Өскемен - Зыряновск тас жолының Өскемен - Серебрянск учаскесі мен Өскемен - Семей тас жолы жабылды. "Қазавтодор" РМК қаланы қардан тазартуда", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қарағанды облысында күрделі ахуал сақталып отыр. "Барлық бағыттағы жолдар жабылды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. Жалпы алғанда облыстағы жолдарда 231 адам эвакуацияланжы, атап айтсақ, Алматы - Екатеринбург тас жолының Ақбастау елдіекмені маңындағы бөлігінде қар құрсаудан 203 адам құтқарылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны