24.06.2009, 09:20 1230

Қазақстанның алты азаматы Ауғанстанда жанармай құятын көліктің өртенуі салдарынан зардап шекті - ҚР ТЖМ

Қазақстанның алты азаматы Ауғанстанда жанармай құятын көліктің өртенуі салдарынан зардап шекті - ҚР ТЖМ

Астана. 24 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның алты азаматы Ауғанстанда жанармай құятын көліктің өртенуі салдарынан зардап шекті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 23 маусымда сағат 19.15-те Өзбекстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінен Ауғанстан Республикасының аумағында Хайратон қаласының маңында 22 маусымда сағат 13.30 -да жанармай құятын көлік өртенді деген ақпарат келіп түсті. Соның салдарынан Қазақстанның алты азаматы: 28 бен 52 жас аралығындағы ер адамдар зардап шеккен.

Қазір зардап шеккендер түрлі дәрежедегі күйіктермен ауыр жағдайда Өзбекстан Республикасының Термез қалалық Республикалық шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының Сурхандария облыстық филиалында жатыр, деп хабарлайды ТЖМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны