07.09.2010, 15:45 3317

Қазақстанның басым аймақтарында аптап ыстық болады - ТЖМ

Қазақстанның басым аймақтарында аптап ыстық болады - ТЖМ

Астана. 7 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанның басым аймақтарында аптап ыстық болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Хабарламада Қазақстанның батыс бөлігінің ауа райына атмосфералық ағымдармен байланысты циклон әсер ете бастайтындығы айтылған. Ал республиканың шығыс бөлігі жоғары қысым аумағында қала береді.

Батыс Қазақстан, Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында, күндіз Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с қашықтықта жел болады деп күтілуде. Қызылорда облысында - ұйытқыма жел мен 15-20 м/с жылдамдықта жел болады.

Ал Маңғыстау, Атырау және Ақмола облыстарында қатты ыстық болады деп болжануда. Сондай-ақ Қазақстанның батысында, оңтүстігі мен орталығында, шығыс пен оңтүстік-шығыстың жекелеген жерлерінде жоғары дәрежелі өрт қаупі сақталады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны