06.04.2010, 09:56 2898

Қазақстанның бірнеше облысында алдағы тәуліктерде өзендерде су тасиды деп күтілуде

Қазақстанның бірнеше облысында алдағы тәуліктерде өзендерде су тасиды деп күтілуде

Астана. 6 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанның бірнеше облысында алдағы тәуліктерде өзендерде су тасиды деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, таяудағы тәуліктерде Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облысындағы өзендерде, сондай-ақ, Қостанай мен Ақмола облыстарының жекелеген өзендерінде көктемгі су тасқыны болмақ. "Шығыс Қазақстан облысындағы өзендерде мұздың көбесі сөгіліп, су деңгейі көтерілуі мүмкін. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы аласа тау өзендерінде су деңгейі ауытқиды, жекелеген өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Қазақстанның басым аймағы атмосфералық ағымдар ықпалында болады.

Мәселен, Қызылорда, Ақтөбе, Павлодар, түнде және күндіз Ақмола, таңертең және күндіз Оңтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарында сондай-ақ, күндіз Жамбыл аймағының жекелеген жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с жылдамдыққа дейін күшейеді деп күтілуде. Шығыс Қазақстан облысында түнде және күндіз кей аумақтарда тұман, секундына 15-20 метр қашықтықта жел тұрады. Маңғыстау, күндіз Атырау облыстарында кей өңірлерде тұман болады",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны