26.09.2011, 17:05 3473

Қазақстанның оңтүстігінде болған көлік апатынан төрт адам мерт болды

Жексенбі күні Жамбыл облысының Тараз-Түймекент автожолында ірі жол-көлік апаты болды, 4 адам қаза тауып, тағы екеуі жарақаттанған. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан мәлім етті.

Астана. 26-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанның оңтүстігінде болған көлік апатынан төрт адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, жексенбі күні Жамбыл облысының Тараз-Түймекент автожолында ірі жол-көлік апаты болды, 4 адам қаза тауып, тағы екеуі жарақаттанған. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан мәлім етті.

Қайғылы оқиға күре жолдың 23-ші шақырымында сенбіден жексенбіге қараған түні, сағат 4 шамасында орын алды. 2 көліктің (бірі "Мерседес") бетпе-бет соғысуы салдарынан екі машинаның жүргізушісі мен олардың екі жолаушысы тілге келместен жан тәсілім етті. Аман қалған екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны