02.06.2008, 10:43 2136

Қазақстанның су тоғандары мен өзендерінде өткен тәуліктің ішінде төрт адам суға батып кетті

Қазақстанның су тоғандары мен өзендерінде өткен тәуліктің ішінде төрт адам суға батып кетті

Астана. 2 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның су тоғандары мен өзендерінде өткен тәуліктің ішінде төрт адам суға батып кетті, деп хабарлайды агенттік ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ ақпараты бойынша, Алматы облысы Ескелді ауданының Көксу өзенінде 1 маусымда сағат 12.00 суға түскен 29 жастағы ер адам суға батып кетті. Оның денесін судан құтқару қызметінің қызметкерлері шығарып алды.

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласы Мұрат кентінде су тоғанында (қаладан 10 шақырым жерде орналасқан) 1 маусымда 17 сағат 05 минутта 36 жасар ер адам суға батып кетті. Оның денесі судан құтқару қызметінің күшімен шығарылды.

ТЖМ ақпараты бойынша, 1 маусымда 12 сағат 40 минутта Қызылордада Сырдария өзенінде шомылған 66 жастағы ер адам суға батып кетті. Оның денесі судан құтқару қызметінің күшімен шығарылды. Сол күні Қызылордада (Шіркілі су арнасы) "Сабалақ" саяжай учаскесінің маңында 14 сағат 37 минутта суға түскен 22 жасар ер адам суға батып кетті. Судан құтқару қызметінің қызметкерлері суға батып кеткен адамның денесін шығарды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны