03.05.2011, 10:02 2837

Қазақстанның жолаушылар автобусы Барнаулда жол апатына ұшырады

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, сейсенбіге қараған түні Қазақстанның жолаушылар тасымалдайтын рейстік автобусы Барнаулда ЖКО ұшырап қалған.

Астана. 3 - мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанның жолаушылар автобусы Барнаулда жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, сейсенбіге қараған түні Қазақстанның жолаушылар тасымалдайтын рейстік автобусы Барнаулда ЖКО ұшырап қалған.

Апат салдарынан жеті адам зардап шекті, олардың арасында екі жастағы сәби де бар, деп хабарлады Ресей ТЖМ-ның Алтай өлкесі бойынша Бас басқармада.

"Апаттың алдын ала жасалған болжам бойынша себебі - жүргізуші көлікті басқара алмай қалған", - деп атап көрсетті ТЖМ.

Ведомстовныңмәліметтеріне сәйкес 27 жолаушы мен екі жүргізушісі бар Hyundai маркасындағы автобус Өскеменнен Жаңасібірге бет алған. Мәскеу уақытымен сағат 1:40 автобус жыраға құлап кеткен.

Зардап шеккен адамдар Барнаул қаласындағы ауруханаға жіберілді, олардың жағдайлары қалыпты. "Ешкім ауыр жарақат алған жоқ"-, деп хабарлады Барнаулдың ЖҚ ҚМИ басқармасында.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны