11.12.2006, 11:37 2888

Қазақстан-Ресей шекарасында 5 килограмм героинмен екі қарағандылық ұсталды

ПАВЛОДАР. 11-желтоқсан. Kazakhstan Today. Павлодар облысында "Шарбақты" кеден бекетінде 5 килограмм героинмен екі қарағандылық ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне кедендік бақыоау департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Есірткі партиясы бүгін 4 сағатта ҰҚКД, шекаралық топ пен кеден қызметкерлері бірлесе өткізген шұғыл шара барысында табылды. Салмағы 5 килограмм шамасындағы есірткі "Фольксваген-Пассат" автокөлігінің жанармай құятын қорабына жасырылған екен. "Ақшыл сұрғылт түсті зат бір литрлік бес бөтелкеге салынған",- деп хабарлайды баспасөз қызметі. Есірткінің шығу тегі мен нақты салмағын анықтау үшін тәркіленген есірткілік заттар сараптамаға жіберілді.

Мемлекеттік шекара арқылы есірткі алып өтуге әрекет жасаған деген күдікпен Қарағанды облысының екі тұрғыны ұсталды. Департаменттің хабарлауынша, 22 жастағы екі жігіт Ресейдің Кемерово қаласына бет алған.

Қазірде күдіктілер Павлодарға жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.

Бұл Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының Павлодарға қарасты бөлігінде желтоқсаннның басынан бері әшкереленген екінші есірткі тәркілену оқиғасы. Бұдан сәл ертеректе хабарлағанымыздай, Павлодар облысындағы "Өрлітөбе" кеден бекетінде 8-желтоқсанда Ресейге 100 грамм героин алып өтпек болған 25 жастағы Қазақстан азаматы ұсталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны