04.05.2012, 10:22 2833

"Қазхром" ТҰК-да 2 күзетші өздігенен қозғалып кеткен пойыздың астында қалып, мерт болды

3 мамыр күні сағат 04:30-да Павлодар облысының Ақсу қаласындағы "Қазхром" трансұлттық компаниясының ферроқорытпалар зауытында 6 вагоннан тұратын теміржол құрамы өздігінен қозғалып кеткен.

Павлодар. 4-мамыр. Kazakhstan Today - Ақсу қаласындағы "Қазхром" ТҰК-да 2 күзетші өздігенен қозғалып кеткен пойыздың астында қалып, мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 3 мамыр күні сағат 04:30-да Павлодар облысының Ақсу қаласындағы "Қазхром" трансұлттық компаниясының ферроқорытпалар зауытында 6 вагоннан тұратын теміржол құрамы өздігінен қозғалып кеткен.

Соның салдарынан "Тарлан Секюрити" ЖШС-де күзетші болып жұмыс істейтін 1954 және 1966 жылы туған екі әйел пойыз астында қалды. Олардың біреуі оқиға орнында, екіншісі - ауруханада көз жұмды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны