26.06.2006, 13:53 3082

“Қазпошта” АҚ-ның бір филиалының жетекшісі мемлекет қаржысын жымқырған күдікті деп танылуда

ҚОСТАНАЙ. 26-маусым. Kazakhstan Today. “Қазпошта” АҚ-ның Қостанай облысы Таранов аудандық филиалының жетекшісі аудан тұрғындарына зейнетақы мен жәрдемақы ретінде төлеуге арналған 11,4 млн. теңгені жымқырған күдікті деп танылуда. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, Таранов аудандық ІІБ-нің кезекші бөліміне “Қазпошта” АҚ-ның бір филиалында аса ірі көлемдегі ақшаның қолды болғаны туралы хабарлама келіп түскен. Қылмысты тексеру үшін шұғыл тергеу тобы жасақталды. Криминалистердің қорытындысына сәйкес, сейфтің құлыбы бұзылмаған, оны біреу кілтпен ашқан, одан ешбір ақау табылған жоқ.

Тергеу барысында “Қазпошта” АҚ-ның Таранов аудандық филиалының басшысы қызметін уақытша атқарушы күдікті тетінде ұсталып, ол қылмысты мойындады. Белгілі мәліметтерге сәйкес, филиалдың 38 жастағы жетекшісі ғимараттың күзетшісін үйіне кешкі асқа жіберіп, ол жоқ уақытта сейфтен 8 инкассаторлық сөмкені тонап кеткен. Сөмкелерде 200 және 500 теңгелік номиналмен 11 млн. 480 мың теңге болған көрінеді. Сондай-ақ үш дорбаның әрбіреуінде 50 теңгелік 200 тиыннан болған. Күдікті ақшаны пішен қораға тығып қойған екен.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны