31.01.2012, 09:37 7088

"Қазпоштаның" Ақтөбе облысындағы бөлімшесінде өрт шықты

2012 жылдың 30-қаңтар күні сағат 17.30 Ақтөбе облысының Мәртөк ауданындағы бір қабатты ғимаратта орналасқан "Қазпошта" АҚ бөлімшесі өртенген.

Астана. 31-қаңтар. Kazakhstan Today - "Қазпоштаның" Ақтөбе облысындағы бөлімшесінде өрт шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2012 жылдың 30-қаңтар күні сағат 17.30 Ақтөбе облысының Мәртөк ауданындағы бір қабатты ғимаратта орналасқан "Қазпошта" АҚ бөлімшесі өртенген.

Өрт сағат 18.50 сөндірілді. Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Ақтөбе облысының ТЖД 5 маманы мен 1 техникасы жұмылдырылған. Жалын 80 шаршы метр аумақты шарпыған.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны