01.02.2007, 15:38 2971

Кеден қызметкерлері Жаңасібір - Алматы бағытындағы жолаушылар поездінен 2 кг астам гашиш тәркіледі

СЕМЕЙ. 1-ақпан. Kazakhstan Today. Кеден қызметкерлері Жаңасібір - Алматы бағытындағы жолаушылар поездінен 2 кг-нан астам гашиш тәркіледі. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне "Семей" кеденінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Кеше кешке кеден қызметкерлері "Темір жолы" кеден бекетінде жолаушылар поездіне тексеру жүргізу барысында дәретханадағы қол жуғыштың астынан түйіншек тауып алған. Артынша жылу құбырының астынан жапсырғышпен оралған тағы бір дорба тапқан. Сараптама қортындысына табылған заттың гашиш екендігін анықтап отыр, оның жалпы салмағы 2161,47 г құрайды. "Ірі көлемдегі есірткіні табуға "Спайк" атты иттің көмегі тиді", - деді кеденшілер.

"Изірге 2 кг-нан астам гашиштің кімге тиесілі екендігін анықтау мүмкін болмай отыр. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүріп жатыр",- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны