02.08.2006, 13:32 2935

Кеденшілер Павлодар облысында 4 килограмм героин мен 5 килограмм апиын енгізуге жасалған әрекетке тосқауыл қойды

ПАВЛОДАР. 2-тамыз. Kazakhstan Today. Павлодар облысындағы "Шарбақты" кеден бекетінің кеденшілері 4 килограмм героин мен 5 килограмм апиын енгізуге жасалған әрекетке тосқауыл қойды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне кедендік бақылау департаментінен хабарлады.

Есірткі тасымалдаушы кеден және ҚР ҰҚК департаменті қызметкерлерінің бірлескен операциясының нәтижесінде ұсталды.

Кедендік бақылау департаментінен хабарлағанындай, кеденшілер Қырғызстаннан Қазақстан арқылы Барнаул қаласына транзитті бет алған ГАЗ-31029 автокөлігін тексеруден өткізген. Олар бұл әрекетті жай тексеру секілді кейіп таныта жүзеге асырған. Көліктің тізгінінде Қырғызстан азаматы отырған. Кеденшілер автокөліктен алдыңғы қанаттың астына жасырылған құпия қойманы тапты. Одан 9 полиэтилен дорба шықты.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Автокөлік жүргізушісі қамауға алынды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны